«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2015
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 239-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9644 тіркелді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 жылғы № 18-03/680 Бұйрығына сәйкес
1.Мыналар:
1)«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2)«Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3)«Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4)«Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5)«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6)«Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7)«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8)«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Биологиялық және су ресурстары департаменті Балық шаруашылығы комитетімен және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
9) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
10) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
11)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3.«Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8065 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылдын 28 желтоқсанында № 284 (28223) жарияланған) 1-тармағы 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Полная версия