1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті:
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 239-ө бұйрығына 2 қосымша
«Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 жылғы № 18-03/680 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, молықтыру және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті;
балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1)көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы;
14)www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
1.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазға түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдардың электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы тіркелген рұқсат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш (сұрау салу) пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтініш (сұрау салу)) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қызмет алушылардан портал арқылы не қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініші (сұрау салу) келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі.
Өтініш қағаз тасығышта түскен жағдайда орындаушымен сұрау салу портал арқылы келіп түскен күні барлық жолдарын толтырумен және қағаз тасығышта ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жалғаумен тіркеу жүргізіледі;
қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен өтініш (сұрау салу) келіп түскен күні танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшылығына (қызметті берушінің басшылығына) беруі;
қызметті беруші басшылығының құрылымдық бөлімшенің өтініші (сұрау салу) келіп түскен күні жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушының берілген құжаттардың шынайылылығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі;
берілген құжаттар толық және шынайы болған жағдайда тиісті шешім дайындау;
Полная версия