1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығына 2-қосымша
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы күнтізбелік 1 күннің ішінде қарар жазады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы күнтізбелік 1 күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
4-рәсім – жауапты орындаушы күнтізбелік 22 күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына және сәйкестігіне қарап шығады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және оны басқарма басшысының қарауына енгізеді;
5-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға тапсырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына тапсырады;
6-рәсім – басшылық күнтізбелік 1 күннің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына жібереді;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде не пошта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет ететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Полная версия

