Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2020
Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 30.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.04.2018 жылғы № 128 Бұйрығына сәйкес (23.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.05.2017 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (24.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2019 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9556 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Полная версия
ИС BestProfi