1. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
4-рәсім – жауапты орындаушы 5 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
5-рәсім – Комиссия 10 күн бойы жұмыс істейді;
6-рәсім – қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күнінің ішінде мынадай:
1) энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы;
2. энергия объектісін пайдалануға қабылдап алудың мүмкін болмауы туралы шешімдердің бірі қабылданады;
7-рәсім – энергия объектісін пайдалануға қабылдап алған жағдайда, пайдалануға қабылдап алу актісіне 1 жұмыс күнінің ішінде қол қойылады және ол кеңсе маманына тапсырылады;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы күнтізбелік 1 күннен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде жібереді.
6. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
8. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсім (іс-қимыл) бірізділігінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсім (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) болуын тексеру;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЗТ МДҚ/ ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігіндегі сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;
6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беруге арналған 3 талап пен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.
2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;
1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптары есебінен толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беруге арналған талаптар мен негізделерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;
4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушы деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы 3-қосымшада және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» бизнес кітапшасы осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болатын көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі
| Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| Құрылымдық бөлімшенің атауы | Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы | Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Комиссия | Комиссия | Комиссия | Комиссия | Комиссия төрағасы |
| Рәсім (іс-қимыл) атауы | Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу; | Қарар жазу және оны көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жіберу | Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады | Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қарау | Құжаттарын қарау | Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін шешімдер бірін қабылдау: 1) электр объектісін пайдалануға қабылдау; 2) электр объектіні пайдалануға алу мүмкін еместігі; |
Электр объектіні пайдалануға қабылданған жағдайда пайдалану үшін қабылдау туралы куәлігіне қол қойылады; | Пайдалануға қабылдау мүмкін болмаған жағдайда электр объектіні пайдалану жарамсыздығы үшін толық себебін көрсете отырып осы шешім үшін қорытындыға қол қоюға тиіс | Қабылдау комиссиясы төрағасының барлық жұмыс материалдары жергілікті атқарушы органға мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органына жөнелтіледі |
| Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім) | Қарар жазу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу | Қарар | Қарар | Көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысына қарауға жіберу | Бекітеді | Қабылдау комиссиясы қол қояды | Қабылдау комиссиясы қол қояды | Жергілікті атқарушы органға жөнелтіледі | |
| Орындау мерзімдері | 15 минут | 1 жұмыс күні | 1 жұмыс күні | 5 жұмыс күні | 10 жұмыс күні | 5 жұмыс күні | 1 жұмыс күні | 1 жұмыс күні | 5 жұмыс күні |
| Келесі іс-қимыл № | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | - |
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы
Шартты белгілер:
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы арқылы көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерің анықтамалығы
Полная версия








