1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығына 6-қосымша
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ьаккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.05.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік, не «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-ІV Заңының 14-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша қағаз нысандағы немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 2 сағат ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;
1-шарт – 3 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін толықтық нысанына қарау;
4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 жұмыс күнінің ішінде құжаттар пакетін толық ұсынбауына байланысты өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындайды;
5-рәсім – ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайында, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы (комиссия хатшысы) отырысқа дейінгі 5 жұмыс күні ішінде комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылған материалдарды (құжаттарды) танысуға жеткізеді;
6-рәсім – комиссия ұсынылған материалдарды қарап, 1 жұмыс күнінің ішінде отырыс хаттамасымен ресімделетін шешімді қабылдайды;
2-шарт – ҚРҮ 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 қаулысының Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу қағидаларының 12-тармағына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы негізінде кері шешімді қабылдау;
7-рәсім – жауапты орындаушы (комиссия хатшысы) 5 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды;
3-шарт – комиссия отырысы хаттамасының негізінде оң шешімді қабылдау;
Полная версия

