Близость слов: Окончание:





«Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы
  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
  1. Қоса берiлiп отырған босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
  2. 1) босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi лицензиар болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
  2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде келiсетiн мемлекеттiк орган  айқындалсын.
  3. «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 499-құжат) жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметтi жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
  

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою ( жою , кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі

осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес қызметтің лицензияланған түрін жүзеге асыратын заңды тұлға басшысында немесе басшысының орынбасарында, оның iшiнде оның филиалының басшысында немесе басшысының орынбасарында, сондай-ақ жеке тұлғада жоғары техникалық бiлiмнің болуы туралы ақпаратты қамтитын деректер үлгісі

2.

тиiстi техникалық бiлiмi бар , мамандығы бойынша жұмыс өтілі бiр жыл дан кем емес бiлiктi мамандар ды

осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес тиiстi техникалық бiлiмi бар, мамандығы бойынша жұмыс өтілі бiр жылдан кем емес бiлiктi мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын деректер үлгісі

3.

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты;

жабдықтарды, стендiнi, көтергiш тетікті;

әзiрленген және өндiрiлетiн өнiмдi сақтау және оларға бақылау сынауларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақ пен үй-жайды;

жұмыс атқарушы персоналды орналастыру үшін қызметтiк үй-жайларды қамтитын жекеменшiк құқығында тұрған (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жекеменшік құқығындағы өндiрiстiк-техникалық базаның болуы міндетті емес) өндiрiстiк-техникалық базаның

осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасқан, өнеркәсiптiк, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты;

жабдықтарды, стендiнi, көтергiш тетікті;

әзiрленген және өндiрiлетiн өнiмдi сақтау және оларға бақылау сынауларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған аумақ пен үй-жайды;

жұмыс атқарушы персоналды орналастыру үшін қызметтiк үй-жайларды қамтитын жекеменшiк құқығындағы (арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарға жекеменшік құқығындағы өндiрiстiк-техникалық базаның болуы міндетті емес) өндiрiстiк-техникалық базаның болуы туралы ақпаратты қамтитын деректер үлгісі

4.

пайдалану шарттарына және олар ға белгiленген өлше мдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сай өлшеу құралдары

осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес пайдалану шарттарына және олар ға белгiленген өлше мдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сай өлшеу құралдары ның болуы туралы ақпаратты қамтитын деректер үлгісі

5.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын деректерді пайдаланылан а отырып, жұмысқа рұқсатта масы

осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының қызметтiң мәлiмделген түрi бойынша мемлекеттiк құпияларды құрайтын деректерді пайдаланылана отырып, жұмысқа рұқсаттамасының болуы туралы ақпаратты қамтитын деректер үлгісі

6.

ұйымның басшысы бекіткен персонал ды қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою ( жою , кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою ( жою , кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

7.

кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

8.

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

9.

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою ( жою , кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша кіші қызмет түрі үшін

1.

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімі

заңды тұлға басшысының немесе оның орынбасарының, оның ішінде оның филиалы басшысының немесе оның орынбасарының, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғаның жоғары техникалық білімінің болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

2.

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар

тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

3.

жеке меншік құқығында (кәсіпорындарға арнайы экономикалық аймақта орналасқан өндірістік-техникалық базасы болуы міндетті емес) , қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

мамандандырылған өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;

босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай

жеке меншік құқығында (кәсіпорындарға арнайы экономикалық аймақта орналасқан өндірістік-техникалық базасы болуы міндетті емес) , қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және мыналарды:

мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықтарды;

босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы;

босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

4.

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

5.

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттары

қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

6.

ұйымның басшысы бекіткен персоналға қауіпсіздік техникасын оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою ( жою , кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою ( жою , кәдеге жарату, көму) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

7.

босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журналдың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

8.

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлға

өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

9.

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

өндірістік-техникалық базаны атыс қаруын пайдалана отырып, күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Полная версия
ИС BestProfi