Близость слов: Окончание:





Заң жобасының тұжырымдамасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы»
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі.  
Қолданыстағы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асырған кезде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл Заңның реттеу аясына төлемдер мен ақша аударымы бойынша рәсімдік мәселелер, атап айтқанда, төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асырудың тәсілдері мен тәртібі, нұсқауларды орындауға қойылатын талаптар, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі кіреді.  
Сонымен қатар төлем нарығының дамуы төлем жүйелерін, төлем нарығы субъектілерінің қызметін және олардың өзара қатынастарын реттеу мақсаттары үшін «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу аясын кеңейту қажеттілігін талап етіп отыр. Сондай-ақ төлемдік көрсетілетін қызметтер ұғымы мен аясы айтарлықтай кеңіді және төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің қызметін реттеу, олардың төлемдік қызметтерді көрсетуінің құқықтық режімін айқындау және төлем жүйелерінің операторлары мен қатысушыларының қызметін регламенттеу үшін нақты құқықтық негіз құруды талап ететін жаңа жағдайлар пайда болды.  
  Қазақстан Республикасының және бірқатар шет елдердің қолданыстағы заңнамалық базасына жасалған талдау нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы нарығының инфрақұрылымдарын қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттарды1   сақтауы тұрғысынан дербес бағалау және Қазақстан Республикасының қаржы секторын FSAP бағдарламасы бойынша бағалау жөнінде жүргізілген жұмыс қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында «төлем жүйесі» ұғымын және оның негізгі сипаттамаларын бекіте отырып төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ережелерді көздеу қажеттігін көрсетті.  
Бұл ретте Ұлттық Банктің төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығының субъектілерін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бекіте отырып төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу мәселелері шешімін табуды талап етеді. Мәселен, бүгінгі күні нарықта көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен жасалған агенттік келісімдер негізінде төлем терминалдары арқылы халықтан қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лезде жүргізілетін төлемдер жүйелерінің көптеген операторлары жұмыс істейді. Мұндай операторлар қызметі банктік операцияларға жатпайтындықтан, ал мұндай жүйелер бойынша айналымдар мен олардың төлемдік көрсетілетін қызметтер аясы жыл сайын өсіп отырғандықтан, оларды мемлекет тарапынан реттеудің және ықпал ету шараларының тетігін белгілеу талап етіледі.  
Сонымен қатар лезде жүргізілетін төлемдер жүйелері операторларының қызметін реттеу мәселесін пысықтау қажеттігіне қатысты Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке тиісті тапсырма берді (Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 29.03.2013ж. №01-7.4. хаттамасы).
Осыған байланысты, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымы мәселелері бойынша нормаларды ең үздік халықаралық практикаға сәйкес жаңғырту қажеттілігіне байланысты қолданыстағы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орнына мынадай бағыттар бойынша көрсетілген Заң жобасын әзірлеуі көзделенеді:
1) ұғымдар аппараттын жетілдіру: «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ұғымдарды қайта қарауды және төлем жүйелерінің жұмыс істеуі және төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша жаңа ұғымдарды бекітуді болжамдайды.  
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша: заң жобасында бекітілетін болады:
- төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеуінің тәртібі, төлем жүйелерінің операторлары мен оның қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары;  
- халықаралық стандарттарға сәйкес келуді қамтамасыз ету мақсатында жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің критерийлерін айқындау тәртібі және Ұлттық Банктің ол жүйелердің тізілімін жүргізуі, банктер өз төлем жүйелерін құруы немесе төлем жүйелеріне, оның ішінде шетелдік төлем жүйелеріне қатысуы кезінде олардың Ұлттық Банкке хабарлауы бойынша талаптар;
- Қазақстанның төлем жүйелерін қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттарға сәйкес келтіру шеңберінде төлемдер мен ақша аударымының түпкіліктілігі, аяқталғандығы және кері қайтарып алмайтындығы туралы нормаларды, жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің операторлары үшін ұйымды және тәуекелдерді басқару бөлігінде ең төменгі талаптарды, сондай-ақ клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны аудару үшін ең ұзақ уақытты (лимитті).  
3) төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу мәселелері бойынша заң жобасында бекітіледі:
- төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығының жеке құқықтық жұмыс істеу режімі бар дербес сегменті ретінде, Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін төлемдік қызметтер түрлерін және төлемдік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің санаттарын, сондай-ақ төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығы субъектілерінің қызметін реттеу тәртібін және Ұлттық Банктің төлемдік көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігін;  
- төлем қызметтерін жеткізушілерге тиісті талаптарды, Ұлттық Банкте төлем ұйымдарын есептік тіркеу режімі мен тәртібі және Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін жүргізу, олардың қызметін қадағалауды жүзеге асыру және қажетті ақпаратты (есептілікті) жинау жөніндегі өкілеттігін;
- төлем қызметтерін жеткізушілердің агенттерді тарту арқылы төлем қызметтерінің белгілі түрлерін көрсету мүмкіндігін, төлем қызметтерін үшінші тұлғалар арқылы көрсету тәртібіне қойылатын талаптар және олардың қызметін реттеу тәртібін.
4) төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын ашу мәселелері бойынша заң жобасында көзделеді:
- электрондық құжат айналымын енгізу, төлем құжатының акцепті рәсімін алып тастау, сондай-ақ нұсқауларды орындау мерзімдерін қысқарту арқылы төлем құжаттарын ұсыну және орындау тәртібі оңтайландырылады;
- белгілі жағдайларда банктік шоттарды жүргізу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормаларды жақсартады;
- мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, кондоминимум объектісінің меншік иесінің, заңды және жеке тұлғалардың ақшасын нотариус депозиті шартымен есепке алуға арналған банк шоттарындағы ақшаны пайдалану бойынша шектеулерді бекітіледі;  
- төлем құралдарының түрлері және әрбір төлем құралы бойынша сипаттамасы, нұсқауларды беру және орындау тәртібі көзделеді;
- қолданылатын халықаралық стандарттарға сәйкес банк шоттарды тiкелей дебетеу арқылы төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, жүйелі төлемдерді және ақша аударымдарын тәсілдері жетілдіріледі, сондай-ақ төлемдерді заманауи инновациялық құрылғылар арқылы жүргізу мүмкіндігі бекітіледі;
- Ұлттық Банктің банкаралық төлемдерді және ақша аударымдарын төлем карточкаларды пайдалана отырып, жүзеге асыру тәртібін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар процессингін жүзеге асыру бойынша талаптарды белгілеу жөніндегі өкілеттігін белгіленеді;
- қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті ақпаратты төлем қызметтері көрсетілгенге дейін беру жөніндегі талаптар, сондай-ақ банктерге төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген рұқсат етілмеген операциялар бойынша ақшаны өтеу бөлігінде қойылатын талаптар бекітіледі;
- заңсыз алынған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын азайту, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер деңгейін көтеру жөніндегі шараның шеңберінде төлемдерді жүзеге асырған кезде қолма-қол ақшаны пайдалануға арналған және банк шотынан қолма-қол ақшаны алу сомасы бойынша шектеулер белгіленеді;
- Ұлттық Банктің заң жобасында белгіленген және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану бойынша өкілеттігі бекітіледі.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мен төлем қызметтері нарығы субъектілерінің қызметі мәселелерін реттеу, сондай-ақ төлемдер және ақша аударымдары мәселелері бойынша нормаларды жетілдіру үшін заңнамалық негізді құру болып табылады.
Ұсынылатын заң жобасының реттеу мәні төлем жүйелерінде, төлем қызметтері нарығында және төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.
Заң жобасы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын алмастырады.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында бірінші кезекте төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін реттеу және төлем қызметтері нарығы субъектілерінің қызметін реттеу үшін қажетті заңнамалық-құқықтық негіздер құрылатын болады.  
Әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан заң жобасын қабылдаудан мыналар күтіледі:  
- төлем қызметтері нарығында бәсекелестік ортаның кеңеюіне ықпал ететін төлем қызметтері спектрінің кеңеюі және оларды көрсету сапасының жақсаруы;
- төлем қызметтерін алушылардың және төлем карточкаларын ұстаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;
- төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем қызметтеріне қол жеткізуді және сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа тәсілдерін ендіру;
- банктердің шығындарын және төлем қызметтерінің құнын төмендетуге ықпал ететін нұсқауларды берудің және орындаудың негізгі рәсімдерін оңтайландыру;
- төлем қызметін алғанға дейін төлем қызметінің нақты құнының тұнықтығын қамтамасыз ету;
Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары болжанбайды.
7. Басқа заңнама актілерін әзірленіп жатқан заң жобаларына бір мезгілде/кейін сәйкес келтіру қажеттігі.  
Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне тиісті нормалар енгізу талап етіледі.
8. Заң жобасының мәнін басқа нормативтік құқықтық актілермен регламенттеу.  
Заң жобасы шеңберінде қарастырылатын қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен регламенттелмеген.
9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы.
Соңғы жылдары әлемнің жекелеген елдерінде төлем жүйелері немесе төлем қызметтері мәселелері бойынша арнайы заңдар қабылдау бойынша жұмыстар жандандырылды. Төлем жүйелері және төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуі мәселелерін реттейтін заңнама актілері қазіргі күні Еуропа Одағы елдерінде, Ресей Федерациясында және Украинада қабылданды. Қырғыз және Әзербайжан республикаларында осыған ұқсас заң жобалары әзірленді.
Сонымен, Еуропа Одағында Еуропа парламентінің және Кеңесінің «Ішкі нарықтағы төлем қызметтері туралы» 2007 жылғы 13 қарашадағы 2007/64/EC Директивасы қабылданды, онда төлем қызметтері нарығының субъектілерінің қызметін реттеу тәртібі көзделген.
Атап айтқанда, Директивада төлем жүйелерін ұсынуға арнайы рұқсат алғаннан кейін қызметті жүзеге асыратын төлем ұйымдарының төлем қызметтерін жеткізушілердің жаңа санатының жұмыс істеуі үшін құқықтық жол белгіленген. Бұл ретте төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат алған кезде төлем ұйымында бастапқы капиталдың болуы туралы талап белгіленген. Директивада ұлттық органға төлем қызметтерін ұсынудың түрлері мен көлемі туралы ақпарат беру, сондай-ақ төлем қызметтерін көрсету және төлем қызметін алғанға дейін оларды пайдалану үшін ақы төлеу талаптары туралы төлем қызметін тұтынушыларды хабарландыру бойынша төлем ұйымдарының міндеттемесі белгіленді.
Директива ұлттық органдардың төлем ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыруы тәртібін белгілейді. Оларды тіркеуді жүзеге асыратын ұлттық орган автоматтандырылған төлем ұйымдарының олардың агенттерінің тізілімін жүргізеді, тізілімде төлем ұйымына жеткізу рұқсат етілген төлем қызметтері туралы ақпарат бар. Төлем ұйымдарының және олардың агенттерінің қызметін бақылау қажетті ақпаратты талап ету және олардың қызметінің заңнама талаптарына сәйкес келуіне мониторинг үшін барып тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ ұсыныстарды, нұсқауларды және әкімшілік нұсқауларды, оның ішінде төлем қызметін көрсетуге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе оны кері қайтарып алу туралы нұсқаулар қабылдау арқылы іске асырылады. Директивада төлем ұйымдары көрсетуі үшін рұқсат етілген төлем қызметтерінің түрлері айқындалған.
Сондай-ақ, Директивада төлем ұйымдары аутсорсингке берген қызметтердің бірқатар түрін агенттердің пайдалану ықтималдығы және осындай агенттердің қызметіне қойылатын талаптар бекітілді. Бұл ретте төлем ұйымдары өз функцияларын аутсорсингке беру туралы құзырлы билікті хабарландыруға міндетті.  
Сонымен қатар, төлем қызметтерінің жаңа түрлерін (интернет-төлемдерді, мобильді төлемдерді) ескере отырып Директиваның жекелеген ережелерін жаңарту қажеттілігі себепті Еуропа комиссиясы 2013 жылы төлем қызметтері бойынша жаңа Директива (PSD2) қабылдады, онда еуропа төлемдер нарығындағы бірқатар маңызды элементтер және жетілдірулер бар.  
Сонымен, осы Директивада электрондық төлемдерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар, онлайн-операцияларын жүзеге асыратын төлем қызметтері провайдерлерін реттеудің және бақылаудың анағұрлым жоғары стандарттары белгіленді. Жаңа Директивада сондай-ақ төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын алаяқтықтан, ықтимал теріс пайдаланулардан және төлем түсініспеушіліктерінен, сондай-ақ Еуропадан тыс немесе еуропалық емес валюталардағы ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша шаралар бекітілді.
Ресей Федерациясында 2011 жылы «Ұлттық төлем жүйесі туралы» Федералдық Заң қабылданды, ол заңда «ұлттық төлем жүйесі», «төлем жүйесінің операторы», «төлем қызметі» деген ұғымдар және төлем қызметтері нарығы және төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша басқа да ұғымдар бекітілді.
Осы Заңда ұлттық төлем жүйесінің субъектілері, төлем жүйесі операторларының қызметіне қойылатын талаптар, сондай-ақ төлем жүйелерін ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне талаптар айқындалды, маңызды төлем жүйесін айқындаудың тәртібі, сондай-ақ ұлттық төлем жүйесін қадағалау және бақылау тәртібі белгіленді.  
Ресей Банкінің жүйелі түрдегі маңызды төлем жүйесіне, олардың ұлттық төлем жүйесіне қадағалауды жүзеге асыруына талаптарды белгілеу бойынша өкілеттіктері, сондай-ақ жалпыға қол жетімді төлем жүйелері операторларының тізілімін жүргізу бойынша міндеттеме бекітілді. Бұл ретте басқа төлем жүйесінің операторы болуға ниет еткен төлем жүйесі операторын тіркеу ықтималдығы мен тәртібі көзделген. Ұйым Ресей Банкінің оны басқа төлем жүйесінің операторы ретінде тіркегені туралы хабарламасын алған күннен бастап басқа төлем жүйесінің операторы болуға құқылы.
қызметті банктер ғана емес, сондай-ақ төлем жүйесінің ережелеріне және төлем жүйесі мен төлемдік көрсетілетін қызмет нарығының қатысушыларымен жасалатын шарттарға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын басқа банктік емес ұйымдардың көрсету мүмкіндігі де көзделген, сондай-ақ олар нарықта қызметтерін жүзеге асыру тәртібіне талаптар белгіленген.
Заңда банктік емес ұйымдардың қаржылық жай-күйіне және технологиялық қамтамасыз етілуіне талаптар, сондай-ақ төлем жүйесінің операторына өз қызметі туралы толық ақпаратты ұсыну бойынша міндеттемесі белгіленген.
Аталған Заңда «банктік төлем агенті» және «банктік төлем қосалқы агенті» деген анықтамалар да көзделген, ол төлемдік қызметті банктің атынан банктермен жасалған шарттың негізінде үшінші тұлғалар көрсету мүмкіндігін білдіреді. Заңда банктік төлем агенттерін және қосалқы агенттерді тарту кезінде банктерге қойылатын талаптар мен шарттар белгіленген, банктік төлем агенттері мен қосалқы агенттер оларды сақтаған кезде Ресей аумағында төлемдік қызметтерді көрсете алады.
Сонымен қоса, банктердің банктік төлем агенттері және қосалқы агенттердің тізбесін жүргізу бойынша және банктік төлем агенті мен қосалқы агенттің Ресей заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау жүргізу, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету бойынша міндеті көзделген.
Заңда төлем карточкасын пайдалана отырып заңсыз операциялар бойынша ақшаны өтеудің жаңа тәртібі бекітілген, оның ерекшелігі клиентке ақшаны сөзсіз қайтаруда және банктің кейіннен төлем карточкасын пайдалана отырып заңсыз төлем фактісін тексеру бойынша іс-шараларды жүргізуінде.
Украинада «Украинадағы төлем жүйелері мен ақша аударымдары туралы» Украинаның заңы қолданыста, онда «төлем жүйесі», «төлем жүйесінің қатысушысы» деген анықтамалар бекітілген, төлем жүйелерінің жіктеуі, сондай-ақ төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлем жүйелерінің жұмыс істеуі көзделген төлем жүйелері жұмыс істеуінің жалпы негіздері айқындалған.
Бұл Заңда Украинаның аумағында мемлекетішілік банктік және банктік емес төлем жүйелерін құру мүмкіндігі белгіленген. Бұл ретте, мемлекетішілік банктік емес төлем жүйелері қызметтерін айрықша Украинаның Ұлттық Банкінде тіркелгеннен кейін және Украина Ұлттық Банкінің рұқсатын алғаннан кейін ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Заңда Украина Ұлттық Банкінің мемлекетішілік банктік емес төлем жүйелерін тіркеу тәртібіне және олардың қызметті жүзеге асыруына рұқсат алуға өкілеттігі белгіленген.
Украинаның халықаралық төлем жүйелеріне қатысу да Украинаның Ұлттық Банкінде тіркелуге жатады, ол Украинаның аумағында жұмыс істейтін халықаралық төлем жүйелері қатысушыларының ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібіне қатысты құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы. Сонымен қоса, Украинаның резиденті - халықаралық төлем жүйелерінің қатысушылары Украинаның Ұлттық Банкіне резидент еместермен халықаралық төлем жүйелеріндегі мүшелігі мен қатысуы бойынша шарттарды жасасқаны туралы хабарлауы міндетті.
Украинаның аталған Заңында төлем жүйелерінің жұмыс істеу мәселелерімен қоса төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде туындайтын құқықтық қатынастар реттелген, атап айтқанда төлем құралдары мен есептік құжаттардың түрлері, аударым, оның ішінде банкаралық аударым жасауға бастаманың тәртібі, аударымдарды аяқтаудың жалпы тәртібі, сондай-ақ төлем жүйелері қатысушыларының төлем жүйелерінде аударым жасау кезіндегі жауапкершілігі бекітілген.
Бұдан басқа, Заңда Украина Ұлттық Банкінің Украинаның аумағында жұмыс істейтін төлем жүйелерінің қызметіне және олар арқылы аударым жүргізу тәртібін бақылауға, төлем жүйелерінің қатысушылары Украинаның заңнамасын бұзған кезде ықпал ету шараларын қолдануға, сондай-ақ арнайы төлем құралдарын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны беру жөніндегі операциялардың көлеміне шектеулер белгілеуге өкілеттігі бекітілген.
10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығындар
Бұл заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
1 Халықаралық есеп айырысу банкінің төлемдер және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитеті мен Бағалы қағаздар бойынша комиссиялар халықаралық ұйымының техникалық комитеті әзірлеген қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттар
Полная версия
ИС BestProfi