Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2017
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 77 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9607 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
«Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық»;
кіріспенің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп беру мерзімдерін белгiлейді.»;
«10. Қызметін «өмірді сақтандыру» саласында жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерінің есебі мынадай сақтандыру сыныптары және түрлері бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:
1) өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша;
2) сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыруды көздейтін сақтандыру түрі бойынша;
3) жазатайым оқиғалардан сақтандыру және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша.
Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерін есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 11, 15 және 17-тармақтарына сәйкес алынған сомалар қабылданады.»;
«15. «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына қатысуымен өмірді сақтандыру» сақтандырудың түрі бойынша сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері мынадай шамалардың қосындысына тең мәнді білдіреді:
Полная версия
ИС BestProfi