Близость слов: Окончание:





«Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кеін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже
1. Бұл Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже 
(бұдан әрі – Ереже) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 
2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 12-1 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам.
3. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерді және инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Инвестициялық омбудсменның негізгі функциялары  
4. Инвестициялық омбудсменның негізгі функциялары:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарастыру және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығару;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу болып табылады.
3. Инвестордың өтінішін инвестициялық
5. Инвесторға туындаған мәселені шешуде көмек көрсету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
1) инвестордың өтінішін қарастыру мәселесі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары немесе олардың орынбасарлары тыңдалады және жиын өткізіледі;
2) инвесторға оның құқығы мен заңды мүдделеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған оларды қорғау тәсілі мен формасына қатысты мәселелерді түсіндіреді;
3) инвестордың құқығы мен заңды мүддесін бұзатын әрекеттермен (әрекетсіздік) лауазымды тұлғаға бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру үшін инвестициялық омбудсменге бекітілген заңнамалық тәртіпте қарастырудың нәтижелері туралы жауап хат жіберіледі.  
Инвестициялық омбудсменнің ұсынысы инвестициялық омбудсменнің жиынында хат және хаттама түрінде рәсімделеді.
6. Инвестициялық омбудсмен соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте туындаған инвестордың мәселелерін реттеу үшін мемлекеттік органдар және ұйымдармен кеңестер және хаттамалық кездесулер өткізеді.
7. Инвестициялық омбудмсмен егер инвестордың мәселелері осы заңнамаға сәйкес шешілмесе, пысықталады және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.  
4. Инвестициялық омбудсменге 
инвесторлардың өтініштерді беру тәртібі  
8. Инвестордың – жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.  
Өтiнiшке заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған инвестормен немесе оның заңды өкілімен қол қойылуы тиіс, не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.
9. Құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініш берген кезде iс-әрекетiне (әрекетсiздiгіне) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.
10. Инвестициялық омбудсменнің қызметiн инвестиция бойынша уәкілетті орган қамтамасыз етедi.
1) инвестициялық омбудсменнің атына келіп түсетін өтініштерді тіркейді, қалыптастырады және мұрағатты жүргізеді;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өтініштерді қарастыру үшін меншік формасынан тәуелсіз, мемлекеттік және коммерциялық құпиядан тұратын ақпаратты есептемегенде, қажетті ақпаратты сұратады;
3) инвестордың өтініші өтінішті шешуге құзыретті мемлекеттік органға және ұйымға немесе лауазымдық тұлғаға беріледі (олардан жауап көшірмесі болмаған жағдайда);
4) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы ақпаратты талдайды, олардың себептерiн жою бойынша ұсыныстарды инвестициялық омбудсменнің қарастыруына енгiзедi;
5) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша инвестициялық омбудсменнің Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгiзетiн ұсынымдарының жобаларын дайындайды;
6) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекет жасайды;
7) ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
«Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р / н

Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның
а қпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажетті лі гінің негіздемесі

«Инвестициялар туралы»

Қазақстан Республикасының

2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының

12-1-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық жағымсыз салдарларға алып келмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға

сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Өткізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер

Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы (бұдан әрі - ЕӨҚ) ұсыныстар мен ескертулерімен бірге сараптамалық қорытындысы ұсынды (жалпы 8, оның ішінде 6 қабылданды, 2 қабылданбады). Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат ЕӨҚ-ға 2014 жылғы

15 шілдедегі № 20-02/01-2-3313 хатпен жіберілді.

ЕӨҚ: «Инвестициялық омбудсмен инвестициялық келісімшарт жасасу үшін инвесторлар берген өтінімдерді қарастыру тәртібі мен мерзімдерін Инвестиция бойынша уәкілетті органмен сақталу мониторингін жүргізуге құқылы».

ҚР ИДМ: Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Осы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 13 ақпандағы қаулысымен бекітілген стандартпен (бұдан әрі - Стандарт) және

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы №51бұйрығымен бекітілген регламентпен реттеледі.

Сонымен бірге, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі Заңмен көзделген.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оңың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандартпен көзделген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жоғарыда аталған уәкілетті органмен жүзеге асыратынын ескере отырып, осы редакцияны қабылдауды орынсыз деп есептейміз.

ЕӨҚ: «Инвестициялық омбудсмен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын кедергілерді жою бойынша ұсынымдарды мемлекеттік органдарға беруге құқылы».

ҚР ИДМ: Ұсынылған норма Жобаның

8-тармағында болғанын ескере отырып, осы тармақтағы ЕӨҚ редакциясы ҚР ИЖТМ-мен қабылданбады.

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mint . gov . kz

интернет-ресурсында орналасқан

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз хабарламасын орналастыру туралы ақпарат (баспасөз хабарламасының атауы, күні)

Талап етілмейді

Полная версия
ИС BestProfi