Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 315 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9622 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2014 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 586 қаулысына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Кауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 512 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8224 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 18 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрық күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С. Құнанбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
Полная версия
ИС BestProfi