Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 2014 жылғы 25 маусымдағы
 № 315 бұйрығымен
 бекітілген
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат не осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 қаулысымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан  әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің заңды тұлға немесе жеке тұлғадан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтінішті және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 0,5 (4 сағат) күнтізбелік күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөрі қойылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 0,5 (4 сағат)  күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 0,5 (4 сағат) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді;
4) салалық Басқарма басшысы 0,5 (4 сағат) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді;
5) орындаушы 10 (он) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына олардың жасалу (рәсімделу) дұрыстығын тексереді) және рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
6) салалық Басқарма басшысы 0,5 (4 сағат) күнтізбелік күні ішінде рұқсат беруге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 0,5 (4 сағат) күнтізбелік күні ішінде рұқсат беруге шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі;
Полная версия
ИС BestProfi