Близость слов: Окончание:





«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:  
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы осы қаулыға  1-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес қабылданған және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау жүргізудің және куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi