Близость слов: Окончание:





«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 10175 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
  Қағиданың 28-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемені  суда немесе   жаттығу құрылғыларында   (бассейндерде)  басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.»
Бұл шағын көлемді кемені суда немесе жаттығу құрылғыларында  (бассейндерде) басқарудың практикалық дағдысын пысықтаусыз оқушыны даярлау сапасы кеме жүргізу қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ете алмайтынына байланысты.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Курбанбаева 
Полная версия
ИС BestProfi