Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жинақы және тиімді атқарушы билігін құруға, мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мақсатында және біртұтас мемлекеттік құрылыс қағидаттарына негіздей отырып қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға негізделген мемлекеттік басқарудың мынадай қағидаттары айқындалсын:
1) атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай негізгі бағыттар бойынша:
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдау;
мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру мен пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
еңбекақы төлеу, азаматтардың «әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру;
құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының кауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекараларының аумақтық біртұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелсін;
өздерінің құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
тиісті салада (аяда) мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті салада (аяда) мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
министрліктердің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың кызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындау, тиісті саладағы (аядағы) мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
Полная версия
ИС BestProfi