Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9636 тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрттер туралы жалпы мәліметтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес дала өрттері мен тұтанулар туралы мәліметтер.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне уақытылы ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. Божко
«Келісілді»
 Қазақстан Республикасының
 Статистика агенттігінің төрағасы
 Ә. Смайылов
 2014 жылғы «___»_________
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 2014 жылғы 26 маусымдағы
 № 320 бұйрығына
 1-қосымша
 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
 Өрттер туралы жалпы мәліметтер
 Есептік кезең ____________ 20 __ ж.
Полная версия
ИС BestProfi