Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2016
"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 934 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.05.2016 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережедегі 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 15 тамыздағы
 № 934 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2003 жылғы 25 ақпандағы
 № 202 қаулысымен
 бекітілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi