«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 9-1/71 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысымен бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялаудың негізгі мақсаттары АӨК субъектілерінің кредит ресурстарына қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) әкімші - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
2) жұмыс органы - облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;
3) кепіл беруші - банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, қаржы ұйымдары, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары;
4) кепілдендіру/сақтандыру шарты - осы Қағидалардың шарттарында қарыз алушы мен кепіл беруші/сақтандыру ұйымы арасында жасалатын жазбаша келісім;
5) кепілдік көлемі/сақтандыру сомасы - кепілдік берілген немесе талап ету құқығы туындаған кезде кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының кредитор алдындағы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын кредиттің бір бөлігі сақтандырылған ақша сомасы;
6) кепілдік бойынша төлем/сақтандыру төлемі - кепіл беруші/сақтандыру ұйымы талап ету құқығы туындаған кезде кепілдік сомасы/сақтандыру сомасы шегінде кредиторға төлейтін ақша қаражатының сомасы;
7) кепілдік бойынша комиссия/сақтандыру сыйлықақысы - талап ету құқығы туындаған кезде кредиторға кредиттің кепілдендірілген/сақтандырылған бөлігін төлеуді жүргізу міндеттемелерін алғаны үшін қарыз алушы кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына төлеуге міндетті ақша қаражатының сомасы;
8) кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау - кредит бөлігінің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін кепіл берушілерге қарыз алушылар төлейтін комиссияның бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нысаны;
Полная версия