Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығы
4-тармақты, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 3, 6, 7, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24-тармақтарын қоспағанда, осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығына сәйкес
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттіктің жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және алдын-ала тергеуді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруы жөніндегі нормалар мен ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 900 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Полная версия
ИС BestProfi