Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 жылғы № 104 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы бекітілсін
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 жылғы № 104 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 жылғы № 169 Бұйрығымен (29.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2017 жылғы № 357 Бұйрығымен (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығымен (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 жылғы № 104 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Нормалар мен талаптар).
1-тарау 2-тармақпен толықтырылды ҚР Туризм және спорт министрінің 02.09.2025 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 19.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі – спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүгінеді.
4. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің 02.09.2025 жылғы № 168 Бұйрығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.