«Ақмола облысындағы «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» жобасының (бұдан әрі - Объект) екінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының тоқтатылуына байланысты, 1.03-00-2011 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар құрылысын ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Құрылыс нормаларының 6.7.2-тармағына сәйкес және Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № а-7/423 қаулысының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Ақмола облысындағы «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» жобасының екінші кезеңі объектілерінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығы
1. Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Комиссия 2014 жылғы 30 тамызға дейінгі мерзімде Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығына ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Мифтахұлы Жантикинге Объектінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері бойынша Комиссия құрамында Тапсырыс берушінің - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мүддесін білдіруге уәкілеттік берілсін.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Бірінші вице-министр А. Рау
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығына қосымша
«Ақмола облысындағы «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру жобасының екінші кезеңі объектілерінің құрылысын тоқтату және консервациялау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
| Жантикин Тимур Мифтахұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары, төраға
|
| Махалиев Райымбек Сапарбекұлы | - | «Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, төраға орынбасары (келісім бойынша)
|
| Нүкішев Ибрагим Айтжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті Ғылыми-техникалық даму басқармасының бас сарапшысы, хатшы
|
| Оспанова Нұргүл Миржанқызы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаменті құқықтық актілерді сараптау және талап-арыздар жұмысы басқармасының басшысы
|
| Серікбаева Ұлтай Таласбайқызы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті Жоспарлау, қаржы және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының басшысы
|
| Мұхаметжарова Рыскен Әлжаппарқызы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті Ғылыми-техникалық даму басқармасының бас сарапшысы
|
| Микишев Жанет Қанатұлы | - | Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшысы (келісім бойынша)
|
| Ахметова Айгүл Қазыбайқызы | - | Ақмола облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қала құрылысы кадастрі бөлімінің басшысы (келісім бойынша)
|
| Төкенов Рүстем Жұмашұлы | - | «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (келісім бойынша)
|
| Бурбыга Николай Иванович | - | «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері (келісім бойынша)
|
| Баранов Сергей Владимирович | - | «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инженері, Тапсырыс беруші атынан жауапты тұлға (келісім бойынша)
|
| Локштанов Сергей Сергеевич | - | «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас инженерінің орынбасары (келісім бойынша)
|
| Дементьев Василий Александрович | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны техникалық аудит және сапаны бақылау бөлімінің басшысы (келісім бойынша)
|
| Хаметов Серік Зинабілұлы | - | «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Атом энергиясы институты» филиалының жобалау-конструкторлық бөлімінің басшысы. жобалаушы (келісім бойынша)
|
| Мизев Сергей Юрьевич | - | «М-құрылыс Жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, техникалық қадағалау өкілі (келісім бойынша) |

