Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-б бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары, қызметшілері мен өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының типтік нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9632 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
1.Қоса берілген:
1)мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері;
2)мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдарының өнеркәсіп - өндірістік персоналы санының типтік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн аспайтын мерзімнен кешіктірмей «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық тасымалдағышта жолдауын;
4)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Министр Ұ. Қарабалин
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ______________ Т. Дүйсенова 2014 жылғы 20 маусым Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 107 бұйрығымен бекітілді
Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар басшылары, мамандары мен қызметшілері санының типтік нормативтері қызметшілердің қажетті санын анықтау және негіздеуге арналған.
2.Нормативтер әзірлеудің негізіне:
қызмет матрицалары;
2) құбырлар бойынша мұнай тасымалдау мен су жіберуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
Полная версия