Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің қызметтік қаруды қолдану икем-дағдыларын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің атыс даярлығын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 32 Бұйрығы
Редакция 18.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берілген:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің атыс даярлығын ұйымдастыру туралы Нұсқаулық (1-қосымша);
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау Департаменті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу Комитетімен, Бас әскери және көлік прокуратураларымен, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің атыс даярлығы бойынша іс-шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 18.10.2016 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (03.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында қарулардың айналымын реттейтін нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 58 бұйрығының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 33-бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің атыс даярлығын ұйымдастыру туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің атыс даярлығын ұйымдастыру туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) қызметтік қаруды шебер және тиімді қолдану мен пайдалануға үйрету тәртібін айқындайды.
2. Нұсқаулықтың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде атыс даярлығын ұйымдастыру;
2) қызметкерлерде қызметтік қаруды (бұдан әрі - тапанша) ұстауда тұрақты дағдыларды қалыптастыру;
3) қызметтік және қызметтен тыс кездерде түрлі жағдайларда тапаншаны заңды қолдануға қызметкерлердің даяр болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Полная версия

