Близость слов: Окончание:





«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 9663 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – 1-Регламент, Регламенттер жобаларының нөмірленуі бұйрық жобасының қаулы шығарушы бөлігінде белгіленген нөмірленуге сәйкес, тиісінше 2-Регламент жобасы,  3-Регламент жобасы ...) Қосымшада сол немесе өзге рәсімді көрсету мерзімдері көрсетіледі.  
Сонымен, әрбір лауазымды тұлғаның құжаттарды қарауы және олар бойынша шешім қабылдауы 1 жұмыс күнін құрайды, осылайша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сызба бойынша барлығы 3 жұмыс күнін құрайды. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген тиісті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 1 жұмыс күні деп белгіленеді.
Осыған байланысты, жұмыс көлемін ескере отырып құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар арасында мемлекеттік қызмет көрсетудің бір күндік мерзімін бөлу қажет.  
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің атауы «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-тармағында көрсетілген нәтиженің атауына сәйкес келмейді.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданың (бұдан әрі – Қағида) 20-тармағы үшінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процесінің блок-схемасы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетуі тиіс.
Осылайша, 1-Регламент жобасына 1-Қосымшаны қайта әзірлеу қажет.
4. Жоба рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің жан-жақты сипаттауын, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуын, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттауын қамтымайды.  
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын қоса беруді тек қана «Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» бөлімінде көрсету қажет. Жобада халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсету немесе ақпараттық жүйелерді пайдалану көзделмеген, осыған байланысты 1-Регламент жобасына Қосымшаның атауы Қағидаға сәйкес келмейді.  
1-5-тармақтарда көрсетілген ескертулер 2, 3-Регламенттер жобалары бойынша да осыған ұқсас.  
1, 3-5-тармақтарда көрсетілген ескертулер 4, 5-Регламенттер жобалары бойынша да осыған ұқсас.  
6. 3-Регламент жобасына Қосымшада орындаушының құжаттарды қарауы үш жұмыс күнін құрайды. Аталған мерзім қызмет көрсетудің барлық іс-қимылдары-процестері үшін белгіленген.
Бұл ретте, кеңсенің, басшылықтың іс-әрекеттері, өзге де келісулер үшін қажетті мерзім көрсетілмеген.
Осыған байланысты, көрсетілген Қосымшада жұмыс көлемін ескере отырып құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалар арасында мемлекеттік қызмет көрсетудің үш күндік мерзімін бөлу қажет.
Мемлекеттік органның «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып көрсететініне байланысты, Регламентке қосымша ретінде бизнес-процестер анықтамалығын, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасын және мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын бекіту қажет.
Осыған байланысты, 4-Регламент жобасына Қосымшаларды қайта әзірлеу қажет.
5-Регламент жобасы бойынша осыған ұқсас ескерту.
8. «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 қаулысында жоқ.
Қағиданың 13-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілген соң, күнтізбелік отыз күн ішінде әзірленеді және бекітіледі.  
Сөйтіп, 6-Регламентті бекіту үшін әзірлеушіге тиісті стандартты бекіту қажет.
7, 8-Регламенттер жобалары бойынша осыған ұқсас ескерту.
Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы М. Уксикбаев
Полная версия
ИС BestProfi