Близость слов: Окончание:





«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін; аңшылық шаруашылығы; қосымша орман пайдалану қажеттілігіне ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстары берілетін мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Табиғат қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылғы 27 шілдеде № 7091 нөмірімен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 14-1/358 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Азбаев Б. О.) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаментімен (Коваль И. А.) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.  
5. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi