Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидасы бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқару кодексі заңды күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы «____» ____________ № _______ бұйрығымен бекітілген.
Педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына өмір бойы тиым салу туралы соттың өкімін орындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына өмір бойы тиым салу туралы соттың өкімін орындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқарушылық кодексінің 2-бабының 72-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
2. Осы ереже педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына өмір бойы тиым салу туралы соттың өкімін орындалу тәртібін анықтайды.
3. Педагогикалық қызметпен кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасау құқығынан айыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған қылмыс істелгені үшін міндетті тәртіпте белгіленгенге сәйкес мемлекеттік қызметте белгілі қызметтік орынға ие болуға, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінде белгілі кәсіптік немесе басқа қызметпен айналысуға тыйым салудан құрылады.
2. Педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына тиым салудың орындалу тәртібі
4. Білім мекемелерінің басшысы (бұдан әрі – Басшы) педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуға қабылдау кезінде Еңбек кодексіне сәйкес жұмысшыдан мыналарды талап етуге міндетті:
1) педагогикалық қызметпен кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасау құқығынан айыру бойынша белгіленген міндетті тәртіпте жасалған қылмыс бойынша сотталғандығының бары немесе жоғы туралы анықтама;
2) педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен байланысты басқа да жұмыстармен айналысуына шектеудің жоқтығы туралы анықтама, бұл ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімі – анықтау қызметімен жүзеге асырылады;
3. Басшы үш жұмыс күні ішінде жұмысшыны атқарып отырған лауазымынан босату жөнінде шаралар қабылдап және ол туралы анықтау қызметін соттың келісімін орындау туралы ақпараттандыру тиіс:
1) заңды күшіне енген соттың келісімінің көшірмесін алған кезінде анықтау қызметіне жұмысшының педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауына байланысты қызметпен өмір бойы айналысуына тиым салынғаны туралы хабарлау;
2) педагогикалық жұмысшының педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылғандығы туралы келісімі табылғанда немесе жасырғандығы анықталғанда.
Сондай-ақ педагогикалық қызметкердің жұмыс берушідегі басқа лауазымға ауысуына жол берілмейді.
4. Басшы педагогикалық қызметпен айналысуына шектеу қойылған қызметкермен еңбек шартын бұзу кезінде білім саласындағы жергілікті атқарушы мекемелеріне хабарлауы тиіс.
5. Басшы жұмысшыны жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен ұсынылатын ақпарат бойынша оның педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына өмір бойы тиым салғандығының жоқтығына жиі тексерулер жүргізіп тұруға міндетті.
6. Органдар мен білім мекемелері білім мекемелерінің жұмысына жазасын өтеп жатқан және педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырылған нысан түріндегі қоысмша жазасы бар тұлғаларды тарта алмайды.
7. Басшы Қазақстан Респуликасының Еңбек кодексінің 3-бабының 26-тармағына сәйкес заң күшіне еңген сот өкіміне байланысты белгілі қызметке орналасу немесе белгілі жұмыспен айналысу құқығынан айырылған азаматтармен еңбек келісімшартына тұрмауы қажет.
3. Білім мекемелері басшыларының жауапкершілігі
9. Меншік түріне тәуелсіз білім және білім мекемелері салаларының жергілікті өкілетті органдарының басшылары азаматтың педагогикалық қызметпен және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен айналысуына өмір бойы шектеу қою туралы соттың шешімін орындалмауына белгіленген қолданыстағы заңнамалық тәртіппен жеке жауапкершілікті жүктейді.
«Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы « » __ № ___ бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
|
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқарушылық кодексінің 72 бабы 1 тармағын жүзеге асыру |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 108-р Өкімінің 31 тармағын орындау үшін
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
| 8. | Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Жоқ |
| 9. | С араптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
Заң департаментінің

