2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 4-02-5/2252-И хатқа қатысты
«Педагог лауазымын және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидасын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 10255 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Педагог лауазымын және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі - Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында Жобаның 4-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама».
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Жобаның 5-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «қызметкердің педагог лауазымын және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойы атқаруына тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес».
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева
Полная версия

