«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9679 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (С.М. Жарасбаев) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т. Есентаев
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығымен бекітілген
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Бірыңғай күнтізбе мынадай түрлерге бөлінеді:
1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай республикалық күнтізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес;
2) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік (облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай өңірлік күнтізбе) осы Қағиданың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес.
3. Бірыңғай республикалық күнтізбе халықаралық, республикалық спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық шаралардың тізбесін қамтиды және оны тиісті күнтізбелік жылдың алдындағы 15 желтоқсанға дейін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Бірыңғай өңірлік күнтізбе халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық шаралардың тізбесін қамтиды және тиісті күнтізбелік жылдың алдындағы 25 желтоқсанға дейін тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.
5. Бірыңғай республикалық күнтізбе негізінде халықаралық, республикалық жарыстар Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізіледі.
6. Бірыңғай республикалық күнтізбенің негізінде дене шынықтыру –спорттық ұйымдар өздерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбесін жасайды.
Полная версия

