«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгiн құру мәселелері туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 743 және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ПТӘ) теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.
ПТӘ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Комитет бұйрықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.
ПТӘ мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi, бекітілген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетінде шоттары болады.
ПТӘ өзiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
ПТӘ заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, ПТӘ мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
ПТӘ құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысымен (бұдан әрі - Жауапты хатшы) бекітіледі.
ПТӘ заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ кенті.
ПТӘ толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: республиканское государственное учреждение «Морская администрация портов Акату и Баутино» Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан».
8. Осы Ереже ПТӘ құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. ПТӘ қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады
10. ПТӘ функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәселесiнде ПТӘ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
ПТӘ заңнамалық актiлер оған табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берген жағдайда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
ПТӘ негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
ПТӘ негізгі міндеті теңіз портының акваториясында кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бақылау болып табылады.
Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, бербоут-чартер тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргiзудi және кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн, тиiстi кеме құжаттарын берудi;
кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi;
3) кеме экипажының мүшелерiне дипломдар, бiлiктiлiк куәлiктерiн, олардың берiлгенiне растамалар мен теңізшінің жеке куәлігін, теңіз кітапшасын берудi;
4) кеме құжаттарын, дипломдарды, бiлiктiлiк куәлiктерiн және дипломдар мен бiлiктiлiк куәлiктерiне растамаларды тексерудi;
5) кемелердiң портқа кiру және олардың порттан шығу тәртiбi туралы талаптардың сақталуына бақылау жасауды және қадағалауды;
6) кемелердiң портқа келуiн және олардың порттан шығуын ресiмдеудi;
7) лоцмандық қызмет көрсету жұмысына және кемелер жүрiсiн басқару жүйесiне бақылау жасауды және қадағалауды;
8) кемелердi портқа кiрерде және порт айдынының шегiнде мұзжарғыштардың iлестiрiп өтуiне бақылау жасауды және қадағалауды;
9) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға рұқсаттар берудi;
10) портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсаттар берудi;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес кемелердің авариялық оқиғаларын тексерудi;
12) мемлекеттiк (кедендiк, шекаралық, санитариялық-карантиндiк, фитосанитариялық, ветеринариялық және басқа) органдардың теңiз порты аумағында орналасатын жерiн белгiлеудi;
13) порттағы құрылыстардың және оларды пайдаланудың техникалық жай-күйiне бақылау жасауды және қадағалауды;
14) өртке қарсы бақылау жасауды;
15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауды, іс жүргізуді жүзеге асырады.
13. ПТӘ негізгі міндеттерді іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде мыналарға:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
порттағы барлық кемелерге, жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi өкiмдер шығаруға, соның ішінде порттың акваториясында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға;
өз құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;
хаттамалар жасауға, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстауды, теңіз кемесін ұстауды жүзеге асыру, жеке тексерiп қарауды жүргізу және жеке тұлғадағы заттарды тексеруге, кемені тексеруге;
уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде актiлер жасауға және су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
14. ПТӘ міндеттеріне:
1) теңiзге шығатын кемелерге бақылау жасауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беру;
3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңында белгiленген жағдайларда кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруден бас тарту;
4) суға батқан мүлiктi алып шығу үшiн белгiленген мерзiмдер туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3. ПТӘ қызметін ұйымдастыру
15. ПТӘ көліктік бақылау органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
16. 16. ПТӘ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісімі бойынша Жауапты хатшы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын капитан басқарады.
17. ПТӘ капитаны ПТӘ жұмысын ұйымдастырады және басқарады және ПТӘ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.
18. Осы мақсаттарда ПТӘ капитаны:
Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде білгіленген құзырет шегінде ПТӘ қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
заңнамада белгіленген тәртіппен ПТӘ қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады, оларға қатысты көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын қолданады;
бағынысты қызметкерлердің орындауына міндетті бұйрықтарға қол қояды және нұсқаулар береді, олардың арасында функционалдық міндеттерді бөледі;
Комитеттің басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды.
ПТӘ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
отандық және шетел тауарөндірушілерімен тауарлар мен қызметтерді жеткізуге шарттарды жасасады, банктерде шоттарды ашады, сенімхаттар береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. ПТӘ мүлігі
19. ПТӘ жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі бар.
ПТӘ мүлігі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қордан, айналым құралдарынан, сондай-ақ құны ПТӘ балансында көрсетiлетiн өзге мүлiктен тұрады.
20. ПТӘ бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
21. ПТӘ өзiне бекiтiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.
22. ПТӘ заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiктi иелену құқығы берiлуі мүмкін.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі. ПТӘ қайта ұйымдастыру және тарату
23. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Жауапты хатшының бұйрығымен енгізіледі.
24. ПТӘ қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ ПТӘ жойылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___» _________ № ____ бұйрығына анықтама - негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемл екеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгiн құру мәселелері туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 743 және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, дәлелдері және акт неге байланысты қабылданды) | «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабын іске асыру мақсатында, Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігін (ПТӘ) құру халықаралық теңіз конвенцияларының талаптарына сәйкес, теңіз порты акваториясында теңіз кемелерін қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін қажет |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және оларды өзгерту және толықтыру туралы ұсыныс әзірлеу немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www . mtc . gov . kz ресми интернет-ресурс ында және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін). | Жоқ |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті директорының міндетін атқарушы А. Әлияқпаров
2014 жылғы «____» __________

