2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 02-22/1396 хатқа
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» (бұдан әрі – ПТӘ) республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 31 қазандағы № 12201 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі» (бұдан әрі – ПТӘ) республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – ПТӘ туралы Ереже) қарап, келесіні хабарлайды.
1. ПТӘ туралы Ереженің 1-тармағына сәйкес ПТӘ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Сонымен қатар, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – СМТЖ Заңы) 39-бабының 2-тармағына сәйкес ПТӘ өзге де функцияларды жүзеге асырады, атап айтқанда:
кемеге және жасалып жатқан кемеге меншiк құқықтарын, кеме немесе жасалып жатқан кеме кепiлiн және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, тиiстi құжаттар берудi;
кеме экипажының мүшелерiне дипломдар, бiлiктiлiк куәлiктерiн, олардың берiлгенiне растамалар мен теңізшінің жеке куәлігін, теңіз кітапшасын берудi.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді.
Осыған орай, ПТӘ туралы Ереженің 1-тармағын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабына сәйкес келтіріп, «бақылау-қадағалау» деген сөздерден кейін «іске асыру» деген сөзбен толықтыруды ұсынамыз.
2. 11-тармақтың бірінші абзацындағы «Комитетпен» деген сөз алынып тасталсын, себебі аталған функциялар ПТӘ-ға Көлік комитетімен емес, СМТЖ Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес жүктеледі.
3. СМТЖ Заңының 40, 41 және 42-тармақтарымен порт капитанына тиісті құзыреттер, оның ішінде құқықтар мен міндеттер беріледі.
Осыған орай 13-тармақта «ПТӘ» деген сөз «Теңіз портының капитаны» деген сөздермен ауыстырылсын.
Сонымен қатар мынадай редакциялық түзетулерді ұсынамыз:
ПТӘ туралы Ереженің 7-тармағында «орыс тілінде» деген сөздерден кейін қайталанатын «мемлекеттік мекеме» деген артық сөздер алынып тасталсын;
ПТӘ туралы Ереженің 14-тармағы 2-тармақшасында «беру» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –
Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Құрбанбаева
Полная версия

