«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою туралы қағидалар Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-11)-тармақшасына сәйкес әзірленді және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою тәртібін анықтайды.
2. Осы қағидаларда төмендегідей түсініктер қолданылады:
1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер, сондай-ақ жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеу кезінде, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті, жем-шөп қоспаларын өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын ұйымдардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болатын материалдар, заттар, жануар, өсімдік және минерал тектес қалдықтар (жануарлардың өлекселері, өлі туған төлдер мен түсіктер, ветеринариялық конфискаттар, жем-шөп қалдықтары);
2) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда ветеринария мамандығы бойынша қызмет ететін жоғары, ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімді қызметкер;
3) мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – жануарлардың өлекселерін залалсыздандыратын имарат.
3. Жануарларды өсірумен, дайындаумен (союмен), жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеумен, сақтаумен және өткiзумен, ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті, жем-шөп қоспаларын өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өз қызметтерінен пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратады және жояды.
Диагностикалық зерттеулер, тәжірибелік және ғылыми ветеринария және тірі ағзалармен және биологиялық ұлпалармен (материалдармен) жұмыс нәтижесінде пайда болған биологиялық қалдықтарды сол зерттеулермен және қызметтермен айналысатын ұйымдардың өзі кәдеге жаратады және жояды.
Қолайсыз пункттердегі биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратумен, жоюмен мемлекттік ветеринариялық ұйымдар айналысады.
4. Жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Тізбеге енгізілген аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын жұқтырғанда немесе жұққызғанда пайда болатын биологиялық қалдықтар, тәжірибе жүзінде жануарлардың ауру қоздырғыштарын жұқтырған зертханалық жануарлардың өлекселері сол жерде өртеу арқылы немесе арнайы бөлінген алаңдарда немесе арнайы қондырғыларда жойылады.
5. Биологиялық қалдықтар радиоактивті заттармен ластанған жағдайда, олар радиоактивті қалдықтарға қойылатын талаптарға сәйкес, арнайы қоймаларда көміледі.
6. Биологиялық қалдықтарды су қоймаларына, тұрмыстық қалдық контейнерлеріне тастауға және қоқыс тастайтын жерлерге шығарып тастауға болмайды.
7. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін биологиялық қалдықтарды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) бойынша міндетті іс-шаралар, міндетті түрде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қатысуымен жүргізіледі.
2. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою тәртібі
8. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар:
1) осы қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілгеннен басқа, биологиялық қалдықтар, кәдеге жарату зауыттарында жем-шөптік мақсатқа, ет комбинаттарының техникалық фабрикаттар цехтарында кәдеге жаратуға;
2) мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) кәдеге жаратуға жатады.
9. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар кәдеге жарату зауыттарында, ет комбинаттарының техникалық фабрикаттар цехтарында, жем-шөптік мақсатта кәдеге жарату цехтарында сұрыпталады және ұсақталады және ет-сүйек, сүйек, ет, қауырсын ұндарына және басқа белоктық жем-шөп қоспаларына төмендегідей тізбектегі технологиялық опреациялар мен тәртіптер негізінде қайта өңделеді:
1) ұсақталған қалдықтарды вакуумды қазандықтарда 130 С°-қа деін қыздырады;
2) 30-60 минут аралығында 130С°-та стерилизацилайды;
3) пісірілген массаны вакуумда 0,05-0,06 МПа қысымымен, 70-80С°-тық температурада 3-5 сағат аралығында кептіреді.
Кәдеге жарату зауыттарында, ет кобинаттарының техникалық фабрикаттар цехтарында, кәдеге жарату цехтарында кәдеге жаратылған биоқалдықтар туралы мәліметтер есепке алу журналында тіркеледі.
10. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды мал қорымдарына (биологиялық шұңқырларға) тастар алдында ілестірме құжаттар мен әр материалды (сырғалары бойынша) салыстырғаннан кейін, ветеринариялық қараудан өткізеді.
Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды мал қорымдарына (биологиялық шұңқырларға) тастағаннан кейін, олардың қақпағын нығыздап жабады.
11 Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды арнайы қондырғыларда (инсенираторлар, крематорийлар, өлексе жағатын пештерде және осы мақсатта қарастырылған қондырғыларда), жерден қазылған орларда (шұңқырларда) өртеледі және жағу арқылы, басқа қол жетімді техникалық әдістермен жанбайтын органикалық емес қалдық түзілгенге дейін жүргізіледі.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою кезінде өлген жануарлардың өлекселерін және лажсыз сойылған жануарларды, сондай-ақ жануар текті өнімдер мен шикізаттарды жағу эпизоотиялық ошақ аумағында жүзеге асырылады.
12. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды арнайы қондырғыларда жағу мүмкін болмаған жағдайда, оларды жерде қазылған орларда (шұңқырларда) төмендегідей әдістердің бірімен жояды:
1) ені мен ұзындығы мал өлексесін түгел орналасуын қамтамасыз ететін және тереңдігі 0,5 метр болатын крест тәрізді орналасқан екі ор қазады. Ордың түбіне сабан, одан кейін шұңқырдың жиегіне дейін ағаш төсейді. Ағаштың орнына резеңке қалдықтарын немесе басқа жанатын қатты материалдарды пайдалануға болады. Ордың орта шеніне (крескеұқсас) ылғал бөренелерден белағаш немесе темір илектерін қояды да, оның үстіне мал өлексесін орналастырады. Өлексенің екі қапталын және үстін ағашпен қалайды және оны қаңылтырмен жабады. Шұңқырдағы ағашқа керосин немесе басқа жанғыш сұйық құйып, сосын тұтатады;
2) ені мен ұзындығы мал өлексесін түгел орналасуын қамтамасыз ететін және тереңдігі 0,7 метр болатын шұңқырды (ор) қазады және іштен алынған топырақты шұңқырдың жиегіне ұзына бойына тізбек түрінде орналастырады. Шұңқырды айқастырып жиналған құрғақ ағашпен, оның жоғарғы жиегіне дейін және көлденеңдеп толтырады;
3) ұзындығы мен ені 2 метр және тереңдігі 0,75 метр болатын шұңқыр қазады, оның түбіне ұзындығы 2 метр, ені 1 метр және тереңдігі 0,75 метр болатын екінші шұңқыр қазады. Төменгі шұңқырдың түбіне сабан төсейді және оны құрғақ ағашпен толтырады. Ағашқа керосин немесе басқа жанғыш сұйық құяды. Түтін жақсы шығу үшін шұңқырдың екі шетінен, жиналған ағаш пен қабырғаның арасында, көлемі 15-20 сантиметр болатын бос кеңістік қалдырады. Төменгі шұңқырды ылғал бөренелерден тұратын белағашпен жабады да, оның үстіне өлексені орналастырады. Өлексенің екі қапталын және үстін ағашпен қалайды, сосын шымтезекпен (тезекпен) жабады да, төменгі шұңқырдағы ағашқа от қояды.
Күлді және басқа түгел жанбаған органикалық емес қалдықтарды, сол жағылған жеріндегі шұңқырға көмеді.
13. Жануарлардың өлім-жітімі, тірі ағзалармен ветеринариялық тәжірибе және ғылыми жұмыстар, биологиялық ұлпалармен (материалдармен) тәжірибелер нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды жағу арқылы жою мүмкін болмаған жағдайда, оларды мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырларда) жояды.
14. Биологиялық материалды диагностикалық зерттеу кезінде пайдаланылған зертханалық жануарлардың өлекселері, биологиялық ұлпалар (материалдар), жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне байланысты жойылады.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштары бөлінген жағдайда, жануарлардың өлекселері, биологиялық ұлпалар (материалдар) өртеледі немесе 2 сағат бойы 2,0 атмосфералық қысымда автоклавта залалсыздандырылғаннан кейін, залалсыздандырылған қалдықтарды мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) тастау арқылы жойылады.
Жануарлардың басқа ауруларынаң қоздырғыштары бөлінген жағдайда және мал өлекселерін зерттеу теріс нәтиже бергенде, биологиялық ұлпалар (материалдар) ветеринариялық-санитариялық зауыттарда қайта өңделеді немесе немесе мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) тасталады немесе өртеледі.
15. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарын жұқтырып тәжірибе жүзінде патогенді микрорганизмдердің өсінділерімен жұмыс жүргізген кездегі және кейін өлген немесе жансыздандырылған жануарлардың өлекселері, биологиялық ұлпалар (материалдар) өртеледі немесе кейін залалсыздандырылған қалдықтарды мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) тастау арқылы 2 сағат бойы 1,5 атмосфералық қысымда автоклавта залалсыздандырылады.
Өлген немесе жансыздандырылған зертханалық жануарлардың өлекселері, тәжірибе жүзінде басқа аурулардың қоздырғыштары жұқтырылған биологиялық ұлпалар (материалдар) өртеледі, биотермиялық шұңқырға тасталады немесе ет-сүйек ұнына қайта өңделеді.
2. Жануарларды өсірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде ветеринариялық препараттарды, жем-шөпті, жем-шөп қоспаларын өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын ұйымдардың қызметі кезінде пайда болатын биолгиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібі
16. Ветеринариялық препараттарды өндірумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын ұйымдардың қызметі кезінде пайда болған биологиялық қалдықтар өртеу арқылы жойылады.
17. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi, сақтауды және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеу кезінде пайда болатын биологиялық қалдықтар (бұдан әрі – өндiрiс объектiлерiнің биологиялық қалдықтары) жойылады немесе заласыздандыру арқылы (көң, төсеніш материалдары, жем-шөп қалдықтары), кәдеге жаратылады, мал қорымына (биотермиялық шұңқырға) тасталады немесе жем-шөптік мақсаттарға кәдеге жаратылады немесе өртеледі.
18. Өндiрiс объектiлерiнің биологиялық қалдықтар (қи (саңғырық), төсейтін материалдар, жем-шөп қалдықтары) залалсыздандыру төмендегі әдістердің бірімен атқарылады:
1) биологиялық (биотермиялық өңдеу, қордалау немесе ұзақ сақтау);
2) химиялық;
3) физикалық (термиялық өңдеу немесе өртеу).
19. Инфекциялық аурулар пайда болған жағдайда осы кезеңде алынған қидың (саңғырықтың), бәрін биологиялық, химиялық немесе физикалық фракцияларға ыдырағанға дейін залалсыздандырады. Қиды (саңғырықты) және қидың ағындыларын пайда болған эпизоотиялық ахуалды, ауру қоздырғышының түрін ескере отырып залалсыздандыру әдісі таңдалады.
Төсенішті, аса қауіпті аурулармен ауырған, күдік тудырған жануарлардан бөлінген заттар және қи, сондай-ақ аталған жануаралардан алынған қи мен бөлінген заттармен, төсенішпен бірге тұрган қи (саңғырық) өртеледі.
Төсеніш материал, қи (саңғырық) және ауыл шаруашылығы танаптарына тыңайтқыш болып табылмайтын, сондай-ақ қолайсыз пункттердегі қоқыстар өртеледі.
20. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi, сақтауды және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнің қызметі нәтижесінде пайда болатын ветеринариялық конфискаттарды, жануарларды сойғаннан кейінгі қалдықтарды, жануарлардың өлекселерін, өлі туған төлдер мен түсіктерді, жем-шөп қалдықтарын кәдеге жарату және жою осы қағидалардың 2-бөлімінде белгіленген тәртіппен атқарылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрлігінің 20__ жылғы «___»_________ №_____ «Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңы. |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Осы бұйрық биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекіту рұқсат етіледі |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | ҚР АШМ Web-сайтында жарияланған www.minagri.gov.kz |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов

