2014 жылғы 13 қыркүйектегі № 9-2-6 / 3222-и хатқа
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 11991 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі - Қағидалар) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Осы Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасының бөліміндегі ақпаратты барынша толық жаңартып, мынадай редакцияда жазуды орынды деп санаймыз:
«3) мал көмінділері (биотермиялық шұңқыр) – санитарлық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілерден бөліп тұратын аумақты сақтай отырып орналасқан жануарлар өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс».
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 201-бабы 2-тармағының негізінде аталған бағыттағы кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді орналастыруға қойылатын талаптар айқындалған, яғни биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатысы бар процесс болып табылады, бұдан басқа ұқсас кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді орналастыру кезінде күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгіленеді.
Қағидалардың 3-тармағы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу және өткізу, ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу субъектілерінің құқықтық қатынастарын реттейді, алайда олардың құқықтары мен міндеттерін айқындамайды, ал Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 13-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;
4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті;
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 3-тармақты толықтырып, мынадай редакцияда жазу мақсатқа сай деп санаймыз:
«3. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды жүзеге асырады, жануарлар өлген, тасталған немесе өлі туылған төлдер табылған сәттен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзімде бұл туралы ветеринария саласындағы маманды – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкерін хабардар етуге міндетті. Қолайсыз пунктерде биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар жүзеге асырады. Қайта өңдеу және көму (жағу) үшін биологиялық қалдықтарды жеткізу бойынша міндет иесіне (фермалық, жеке, қосалқы шаруашылықтың, акционерлік қоғамның және т.б. басшысына, жергілікті әкімшіліктің коммуналдық шаруашылық қызметіне) жүктеледі»;
Себебі, диагностикалық зерттеулер, ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет және тірі организмдермен және биологиялық ұлпамен (материалдармен) эксперимент жүргізу нәтижесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарды қоса алғанда, зерттеулердің осындай түрлерін өткізген ұйымдардың өздері пайдаға асырады, жояды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бұйрық жобасын пысықтау кезінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары М. Уксикбаев
Полная версия

