Близость слов: Окончание:





«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 10486 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
Жоба 2013 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә. Сағынтаев бекіткен, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы «Кредиттік өтінім беру» қызметін көрсету кезіндегі бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтеміз.
Сонымен бірге, Жобаға ұсынылған құжаттар топтамасын зерттеп, әзірлеуші «Кредиттік өтінім беру» Порталының «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Интернет-ресурсында өнеркәсіптік пайдалануға дайындығы туралы анық және толық ақпарат ұсынбағанын атап өтеміз.  
Бұдан басқа, Ұлттық палата мүшелерінің (Банктердің) жасалып жатқан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Порталының бағдарламалық қамтамасыз етуінің Банктердің бағдарламалық қамтамасыз етуімен үйлесімділігі, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Порталымен біріктіру үшін меншік бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау үшін қаржылай және ресурстық қамтамасыз етудің болуы туралы сұрақтары бар.
Осыған орай, аталған мәселелерді шешу үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі Банктер өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізуді ұсынамыз.
Ақпарат ретінде қолданыстағы Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесіне 73 парақта «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ салыстырмалы кестесін жолдаймыз.
Полная версия
ИС BestProfi