Близость слов: Окончание:





Теміржол көлігі туралы
 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-II Заңы
Заңның тақырыбы мен құжат мәтініндегі  «Темір жол», «темір жол», «темір жолдармен», «темір жолдың», «темір жолдар», «темір жолдарды», «темір жолдарға», «Темір жолдарды», «темір жолда», «темір жолдардың», «Темір жолдармен», «темір жолдарда», «темір жолдағы» деген сөздер «Теміржол», «теміржол», «теміржолдармен», «теміржолдың», «теміржолдар», «теміржолдарды», «теміржолдарға», «Теміржолдарды», «теміржолда», «теміржолдардың», «Теміржолдармен», «теміржолдарда», «теміржолдағы» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен  (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авария – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) алушы – багажды, жүк-багажды немесе пошта жөнелтілімдерін алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) апат – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) арнайы жылжымалы құрам – магистральдық теміржол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін теміржол көлігі құралдары;
3) арнаулы тасымалдар – уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi жəне жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары – әлеуметтiк мәнiн:
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
облысаралық қатынастарда – уәкілетті орган;
ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;
5) багаж – жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;
6) бекіту-пломбалау құрылғылары – вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері;
7) билет кассасы – оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, теміржол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері;
8) вагон – темiржолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;
8-1) вагондарды беру-алып кету - маневрлік локомотивпен вагондардың:
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
станциялық жолдардан - тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;
кірме жолдарда - контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру;
Полная версия
ИС BestProfi