Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
2014 жылғы «___» _________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психтроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психтроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және құрамында Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне (бұдан әрі - Тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсолар бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану тәртібін айқындайды.
Есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта пайдалану деп құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою түсініледі.
Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілер болмаған жағдайда қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медицина ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) науқастың медициналық құжаттары - сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық қарау жазба парағы;
Полная версия
ИС BestProfi