Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 қазандағы № 12008 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында:
33-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін рецепт жарамсыз болып саналады, оған «Жарамсыз рецепт» деген мөртабан қойылады, жарамсыз рецептілер осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі және дәріханада қалдырылады, ал рецепт көшірмесі пациентке қайтарылады. Дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналы нөмірленуі, тігілуі, басшының қолымен және фармацевтикалық қызмет объектісінің мөрімен бекітілуі тиіс. Дұрыс жазып берілмеген рецептілер туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымының басшысына беріледі. Рецептіні дұрыс жазып бермеген тұлға науқасқа тиісінше ресімделген рецептін қайта береді.»;
Жобаның 34-тармағын алып тастауды ұсынамыз.
2. Жобаның 30 және 40-тармақтарының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында:
Жобаға 11-қосымшаны мынадай мазмұндағы жолдармен толықтыруды ұсынамыз:
  «Өндіруші зауыт, елі, серия № (партиясы) ________________ »;
Жобаның 8-қосымшасы 9-тармағының а) тармақшасындағы «7 күн» деген сөздерді «15 күнтізбелік күн» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.
Сонымен қатар, «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кетамин және Трамадол (Трамадол гидрохлориді) препараттары Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілмегендігін хабарлаймыз.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Полная версия
ИС BestProfi