«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.06.2018
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 қыркүйекте № 9736 тіркелді
Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап) Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 24 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативі белгіленсін.
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күн сайын кемінде 1 болады.
2. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Төрағасы 2014 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидалары
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.06.2017 жылдан бастап)
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі – ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ1), 2014 жылғы 1 шілдеден бастап ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ2) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер) сақтауға міндетті «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін (бұдан әрі – пруденциялық норматив) есептеу тәртібін белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 244 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық почта операторына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушыларға қолданылмайды.
Брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-нің, ИПБ1-дің, ИПБ2-нің үлестес тұлғалары бөлігінде Қағидаларда көзделген нормалар заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде брокермен және (немесе) дилермен, ЕЖЗҚ-мен, ИПБ1-мен, ИПБ2-мен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.
1. Брокер және (немесе) дилер үшін пруденциялық нормативті есептеу тәртібі
1. Брокер және (немесе) дилер меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
К = (ӨА-М)/МКТМ, мұндағы
ӨА - брокердің және (немесе) дилердің Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтімді активтері;
М - баланс бойынша міндеттемелер;
Полная версия