Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қыркүйекте № 9730 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Бас прокурорының 19.09.2014 жылғы № 89 Бұйрығына сәйкес
1.Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2.Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
1)Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2)мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5.Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 80 бұйрығына 1-қосымша
Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) қылмыстар, оқиғалар, олардың субъектілері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, олар бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылған материалдарды, тергеуді жүзеге асыруды және оларды прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай, соның ішінде электрондық форматта карточкалық есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепке алуды Комитеттің Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйесінде (бұдан әрі – ББСЖ) ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – карточкалар) көмегімен жүргізеді.
3.Осы Нұсқаулыққа сәйкес, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ретінде (бұдан әрі – субъект) қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, прокурорлар және соттар танылады.
2. Карточкалардың нысандары
4. Қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру карточкалардың мынадай нысандарының негізінде жүзеге асырылады:
1)осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыс, оқиға туралы өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты есепке алу карточкасы» ЗС-1 нысаны (бұдан әрі - ЗС-1 нысанды карточка);
2)осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыс туралы тіркелген өтініш, хабарлама бойынша шешімді есепке алу карточкасы» ЗС-2 нысаны (бұдан әрі - ЗС-2 нысанды карточка);
Полная версия

