Близость слов: Окончание:





«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы
  «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының ___) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекітілсін. 
2. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С. С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.К. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін 
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 
Ереже Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін анықтайды.  
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:  
Полная версия
ИС BestProfi