2014 жылғы 13 қазандағы №01-09/818-и хатқа
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы», «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы», «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобалараына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 13510 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы», «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы», «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрықтарының жобаларын қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы (бұдан әрі – Депозитарий ережесі):
Депозитарий ережесінің 10, 24, 35, 41-1-тармақтарында уәкілетті орган бекіткен нысандар белгіленді, бірақ Қазақстан Республикасының Заңдарына сілтемелер көрсетілмеген. Заңдарға сілтемені көрсету қажет.
Депозитарий ережесінің 12 және 33-тармақтарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен деп көрсетіледі, бірақ Қазақстан Республикасының Заңдарына сілтемелер көрсетілмеген. Заңдарға сілтеме көрсету қажет.
43-тармақта электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі кері қайтарылған депозитке беру объектілері мен депозитке беруге арналған өтінімдерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ескертулерді түзетіп және оларды депозитке беру үшін уәкілетті органға қайтадан енгізеді деп көрсетілген. Ескертулерді жою үшін бес жұмыс күні жеткіліксіз деп санаймыз, осыған байланысты осы тармақта он жұмыс күні мерзімді белгілеуді сұраймыз.
2. Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы (бұдан әрі – Тiзiлiм қағидасы):
Тiзiлiм қағидасының 3-тармағының 3-тармақшасында КЖ фискалдық деректердің таралу мүмкіндігін жоюды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс деп көрсетілген. Сондай-ақ, Тiзiлiм қағидасының 2-Қосымшасында ақпараттық қауіпсіздіктің талаптары көрсетілген. «2-Қосымшасының талаптарына сәйкес» деген сілтемені көрсету қажет деп санаймыз.
Тiзiлiм қағидасының 3-тармағының 6-тармақшасында КЖ резервтік көшірмелер жасауды, фискалдық деректерді мұрағаттауды және оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс деп көрсетілген. Мұрағаттаудың мерзімін көрсету қажет деп санаймыз, резервтік көшірмелер жасау, фискалдық деректерді мұрағаттау, оларды қалпына келтіру қандай мерзім аралығында (мысалға: соңғы 400 күнге) қамтамасыз етілуі тиіс.
Тiзiлiм қағидасының 4-тармағында «мәлімет нысаны» 4-Қосымшасына сілтеме көрсетілген. Оған қоса, 4-Қосымшаны қарау барысында, осы қосымша осы тармақта көрсетілген нысанға сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты сілтемені түзету қажет.
Тiзiлiм қағидасының 12-тармағында КЖ өзінің фискалдық жады құралдарымен фискалдық деректерді түзетудің мүмкін болмауын, сондай-ақ жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы қорытынды ақпаратты ауысым сайын тіркеуді және энергияға тәуелді ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс деп көрсетілген. «Ұзақ мерзімді» деген сөзді қолданған дұрыс емес деп санаймыз, себебі осы термин айқын емес және нақты емес сипат білдіреді. Осыған орай, бүгінгі күндегі техникалық мүмкіншіліктерді ескере отырып, нақты мерзімді көрсету орынды деп санаймыз.
3. Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл қағидасы):
3-тармағының 3)-тармақшасында ТЖОБ жүйесіне қатысушылар – байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, мемлекеттік техникалық қызмет деп көрсетілген, бірақ байланыс саласындағы уәкілетті орган, байланыс операторлары, мемлекеттік техникалық қызмет терминдеріне анықтама жоқ. Осыған байланысты осы терминдерге анықтама беру қажет деп есептейміз.
Өзара іс-қимыл қағидасының 18 және 19-тармақтарында «шешім» деген сөз қолданылады, бірақ кімнің шешімі екенін нақтылау қажет. Сондай-ақ 17-тармақта соттың кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері деп көрсетілгенін атап өту қажет. Осыған байланысты «шешім» деген сөзді «сот шешімі» деген сөздерге ауыстыру қажет.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы негізінде негіздемесі бар жауап беруді сұраймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнің жобасын сараптама кеңесінің қарауына шығаруды сұраймыз.
Басқарма мүшесі Р. Ошакбаев
Полная версия

