2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 9-2-6/3301-и хатқа
«Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 11797 сараптамалық қорытындысы сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Қағидалар) қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Қағидалардың 6-тармағындағы Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдерін қосуды ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен
комитетінің Хатшылығы
хатшысының орынбасары М. Уксикбаев
Полная версия

