Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.03.2015
"Б"корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 маусымда № 9521 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 20 наурыздан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 29.12.2014 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі Төрағасының
м.а. 2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 04-2-4/93 бұйрығына
Қосымша
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
2. Мемлекеттік органдар өз қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, осы Әдістеме негізінде «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеп, бекітеді.
3. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
4. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдар, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдарының басшылары үшін бағалау облыс, астана, республикалық маңызы бар қаланың әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.
6. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Полная версия
ИС BestProfi