Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2019
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2014 жылғы 20 қазандағы
 № 62 бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығымен (20.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже күшін жойды 2019 жылғы 30 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 01.08.2019 жылғы № 9-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып, Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 ғимарат.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.10.2017 жылғы № 668-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің табысына бағытталады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
 міндеттері
Полная версия
ИС BestProfi