Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығы
Осы Жарлық өзгертілді ҚР Президентінің 19.07.2021 жылғы № 621 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 15.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі» мемлекеттік мекемесі:
1) оны мынадай мемлекеттік мекемелерге:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосына;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге бөлу арқылы;
2) оның жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.07.2022 жылғы № 955 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға (құпия) сәйкес таратылсын. 
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6. Осы Жарлық, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, он төртінші, он бесінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жүз он бірінші және жүз он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 893 Жарлығына сәйкес (19.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында басшылықты және үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету мен шифрлау жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында үкіметтік байланысты қамтамасыз ететін уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы шифрлау қызметінің орталық органы болып табылады.
2. Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi