Близость слов: Окончание:





«Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 10524 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жобадағы «инвестор» деген ұғымды «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 Заңында баяндалған ұғымға сәйкес келтіру қажет деп санаймыз.
Сондай-ақ, Жобаның 8-тармағында көрсетілген инвесторға құжаттарды қайтару мерзімі қай сәттен бастап есептелетінін нақтылауды орынды деп санаймыз.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес «комиссия» деген ұғымды мынадай редакцияда жазу қажет деп санаймыз:
«Комиссия – мүдделі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен инвестициялық субсидияны төлеу сомасын айқындау жөніндегі консультациялық-кеңесші орган».
Бұдан басқа, 1-бөлімдегі «Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін өнім шығаруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша беріледі» деген бөлікке қатысты, осы тұжырымдаманы алып тастау, не мынадай редакцияда жазу қажет деп санаймыз:
«Инвестициялық субсидияны беру кезінде басымдық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін өнім шығаруға бағытталған инвестициялық жобаларға беріледі».
Бұл ретте, Жоба бастапқы редакциясында қабылданған жағдайда, әлеуетті инвесторлардың бірнеше санаты
1) Қазақстан Республикасында өндірілетін, сондай-ақ өндірілмейтін аралас өнім шығаруға бағытталған жобалар бойынша;
2) СЭҚ ТН кодтары бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін, бірақ сапалық және бәсекелес технологиялық сипаттамасы бойынша қазіргі уақытта шығарылып жатқан өнімнен өзгеше өнім шығаруға бағытталған жобалар бойынша;
3) Қазақстанда шығарылып жатқан, Қазақстан Республикасынан экспортқа бағдарланған өнім шығаруға бағытталған жобалар бойынша;
4) өнімі Қазақстанда ішкі нарықты толтыруға жетпейтін көлемде СЭҚ ТН кодтары бойынша шығарылып жатқан жобалар бойынша инвестициялық субсидияларды алу мүмкіндігінен жасанды түрде шектелуі мүмкін екенін атап өтеміз.
Өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің директоры Д. Ткаченко
Полная версия
ИС BestProfi