Близость слов: Окончание:





«Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңының 18-5 бабының 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған инвестициялық субсидияны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.  
2. 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін Қағидалардың 13, 14 және 17 тармақтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
«____» _____201_ жылғы
№ __ қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық субсидияны беру қағидалары  
  1. Осы Инвестициялық субсидияны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық субсидияны беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.   
2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар:  
1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны орындау үшін инвестициялық келісімшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция түрінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;  
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;  
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;  
4) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы заңды тұлғалар;  
5) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
6) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
7) Мемлекеттік комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиясы;  
8) комиссия – инвестициялық субсидияны төлеуді анықтайтын мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес беруші-консультативті орган.  
Комиссия құрамы мен жұмыс жасау тәртібі көрсетілген уәкілетті органның шешімімен құрылады.  
3. Инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаға, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына мынадай шарттар сақталған кезде:
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
2) инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар алуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмаса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;
4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;
5) әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы шешімі болса беріледі.
Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
2. Инвестициялық субсидия беру тәртібі
4. Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.
5. Инвестициялық субсидия алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінімді уәкілетті органға жібереді.
Инвестициялық субсидияны көздейтін өтінім келесі құжаттар бар болған жағдайда қабылданады:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;
3) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;  
4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;
5) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.  
6. Уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала осы Қағидалардың 5 тармағында көрсетілген құжаттардың барлығын тексеріп, және тапсырылған құжаттардың толық болмағандығы анықталған жағдайда, оларды инвесторға өтінім бұдан әрі қарастырылмайтындығы жөнінде жазбаша негіздемелік жауап арқылы қайтарады.  
7. Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде:  
1) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы Қағидалардың 
3-тармағында көрсетілген инвестициялық субсидияны беруге арналған шарттарға сәйкестігін тексереді;  
2) инвестициялық жоба бойынша құжаттардың Қазақстан Республикасы «Инвестициялар туралы» Заңымен бекітілген талаптарға сәйкестігін (бұдан әрі – қорытынды) сараптамадан өткізеді және Мемлекеттік комиссияның жұмыс органына инвестициялық жоба бойынша қорытындыны, оның ішінде инвестициялық субсидияның төлеу кестесі мен жылдық көлемін жолдайды.  
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы уәкілетті органды Мемлекеттік комиссия отырысының өткізілу күні жайында 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарландырады.  
8. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасы осы Қағидалардың 3-ші тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган оларды инвесторға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтару себептері көрсетілген жазбаша негіздеме арқылы қайтарады.  
9. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы заңды тұлғасына инвестициялық субсидияны беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы жобасын дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
10. Инвестициялық субсидияны беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қолданысқа енген күннен бастап уәкілетті орган өтінімді тіркеу журналында тіркейді және өтінімді тіркеген тіркеген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтінім берушіге жазбаша түрде жауап жолдайды.  
11. Уәкілетті орган инвестициялық субсидияны беру жөнінде шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде үлгілік келісімшарт ережелерін ескере отырып инвестициялық келісімшартты немесе инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімді қол қою үшін дайындайды.  
12. Инвестициялық келісімшарт немесе инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім оның тараптары қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен тіркеледі және күшіне тіркеу күнінен бастап енеді.
Инвестициялық келісімшарттың немесе қосымша келісімнің жасау күні болып уәкілетті органмен оны тіркеген күн болып табылады.
13. Инвестициялық субсидия қосымша құн мен акциздерге салықты есептемегенде, растаушы құжаттар негізінде, бірақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіптегі мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жоба алдындағы құжаттамада қамтылған шығындар құнынан аспайтын құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды сатып алуға кеткен нақты шығындардың 30 (отыз) пайызға дейін өтеу арқылы беріледі.  
Нақты шығындарға инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнтүзбелік жылдағы және (немесе) келесі кезеңдердегі шығындар жатады.  
14. Инвестор өндірісті жүктеу бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген инвестициялық субсидияны толық көлемде төлеу өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.  
15. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.  
Инвестициялық субсидияның ең жоғарғы көлемі 1,5 млн. АЕК аспауы қажет.  
16. Жылдың қорытындысы бойынша және өндіріс пайдалануға берілгеннен кейінгі жылдар бойы инвестициялық келісімшарттың әрекет етуі аяқталғанша инвестор уәкілетті органға аудиторлық есеп береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:  
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат, соның ішінде өндірістік көрсеткіштер;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша ашып көрсету;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.  
Инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Респуликасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;  
2) Қазақстан Респуликасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;  
3) Қазақстан Респуликасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кеден декларациялары болып табылады.
17. Уәкілетті орган есеп құжаттарын алған соң оларды нақты инвестициялық субсидия сомасын төлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Комиссия отырысына шығарады.  
Инвестор жұмыс бағдарламасында бекітілген өндіріс жүктемесі бойынша жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға берілген көрсеткішті орындау пайызына пропорционалды субсидия көлемі төленеді.  
Инвестор жұмыс бағдарламасында бекітілген өндіріс жүктемесі бойынша жылдық көрсеткішті орындамаған себептен төленбеген субсидия бөлігі келесі жылдардағы өндіріс жүктемесінің артығымен орындалуына қарамастан келесі жылдары төленуге жатпайды.  
Инвестор жұмыс бағдарламасында бекітілген өндіріс жүктемесі бойынша жылдық көрсеткішті артығымен орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген сома көлемінде төленеді.  
Соңғы инвестициялық субсидияны төлеу жылынан алдыңғы жылы инвестор өндірістік қуаттың 50 (елу) пайызынан кем емес өнім шығару көлемін қамтамасыз ету қажет.  
Нақты инвестициялық субсидия төлемін есептеу формуласы (Ф):
18. Уәкілетті орган Комиссия хаттамасы негізінде екі жұмыс күні ішінде инвесторға нақты инвестициялық субсидия сомасын төлеу бойынша қабылданған шешім жайында жазбаша мәлімдеме жолдайды.  
19. Уәкілетті орган инвестициялық субсидияны бюджеттік заңнамамен бегіленген сома көлемінде төлем жасайды.  
«Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 9 шілдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » № 103-ө өкімінің 3-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдар

Жоба қабылдан уы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықты ң теріс салдар ын көздемейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Көзделеді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын

тиімділігі

Қолданыстағы заңнаманың шарттарына сәйкес инвесторлармен инвестициялық субсидияны алу тәртібі мен механизмін бекіту

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8

Қосымша сараптама нәтижелері (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) Премьер-Министр тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда жүргізу жағдайында

Өткізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және берілген ескертулер мен ұсыныстар ішінара ескерілді, 2014 жылғы 31 шілдедегі № 20-03/886 хатымен жауап хат жолданды;

2) Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациямен берілген ескертулер мен ұсыныстар ескерілмеді, 2014 жылғы № 20-03/01-2-3557 хатымен жауап хат жолданды.

10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

www.mi d .gov.kz

12

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

Жобаның әлеуметтік маңызы жоқ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: «Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын бекіту туралы»
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі
 

Алынған күн

Мемлекеттік органдар , басшылар

Нақты кіммен келісілді

(Т.А.Ә.)

Келісу нәтижелері ( қолы , күні )

Қайтарылған күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі









Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі









Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі









Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі







Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына қоса берілетін құжаттардың  
 

Р/с

Құжаттардың атауы

Құжаттың нөмірі және күні

Парақ саны

1.







2.







3.







4.







5.







6.







7.









8.









9.







































 Үкіметтік шешімдерді шығару секторына қол қойылғаннан кейін барлығы____________ құжат келіп түсті, оларда _______________парақ.
Полная версия
ИС BestProfi