Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2017
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 қарашада № 9871 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 1 маусымынан бастап ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 54 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасынасәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын жоғарыда көрсетілген Талаптарға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 189 қаулысымен
бекітілді
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына,  сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар
1. Осы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 138 Қаулысына сәйкес (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің (өздерінің) құрылтайшысының (құрылтайшыларының), қатысушысының (қатысушыларының), акционерінің (акционерлерінің) – осы немесе басқа да мемлекеттің заңды тұлғаның (тұлғалардың) кепілдігіне не олармен байланысты (үлестес) тұлғалардың кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері осы Талаптарға сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
Полная версия
ИС BestProfi