«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 205 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
«15-1) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі;»;
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 205 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 19-қосымша
Шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі
Р/с № | Атауы | Коэффициент |
1 | «Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы» АҚ | 1,782 |
2 | «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК | 1,681 |
3 | Семей қаласының «Жедел жәрдем медициналық ауруханасы» КМҚК | 1,524 |
Полная версия