Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
"Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 756 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже»;
«1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
«1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;»;
«5. Рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларды түгендеуді мониторингтеу мен үйлестіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) жүзеге асырады.»;
«8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу жөніндегі сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.»;
10, 11, 12, 13 және 20-тармақтардағы «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi