Близость слов: Окончание:





«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 10397 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
қызметті бақылау
комитеті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
  1. Жобаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы сатып алуы бойынша лизинг мәмілесі лизинг беруші, лизинг алушы және өнім беруші арасында жасалатын үш жақты шарт нысанында жүзеге асырылады.
«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы лизингi – лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген қолданыстағы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес құны 5 000 000 (бес миллион) теңгеден бастап 50 000 000 (елу миллион) теңгеге дейін медициналық техниканы алу қаржылық лизингке жүргізіледі.
  Алайда қаржылық лизинг лизинг нысанасын тендер өткізу арқылы алуды көздеймейтінін атап өтеміз.
  Осыған байланысты, қаржылық лизинг шеңберінде медициналық техниканы алу бойынша тендер өткізуді болдырмау мақсатында қолданыстағы Ережеге мынадай өзгерістер енгізуді ұсынамыз:
  1-тармақтағы «медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» деген сөздер «медициналық техниканы кейіннен қаржылық лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін алу» деген сөздермен ауыстырылсын және одан әрі Ереже мәтіні бойынша тиісті түзетулер енгізілсін.  
  2-тармақтың 5) тармақшасындағы «, не осы Ережеде белгіленген тәртіппен медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында сатып алу» деген сөздер алып тасталсын.
  2-тармаққа мынадай мазмұндағы жаңа ұғым енгізілсін:
  «36) медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында алу – лизинг берушінің медициналық техниканы тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг алушымен келісілген өнім берушіден кейіннен лизинг алушы меншігіне беру үшін лизинг алушының лизинг төлемдерін өтеу шартымен алуы.»;  
  2-тармақтың 33) тармақшасында «сатып алынатын» деген сөздерден кейін «не қаржылық лизинг шарттарында алынатын» деген сөздермен толықтырылсын.
  7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
  7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
  «4) лизинг берушінің кейіннен лизинг алушыға беру үшін, сондай-ақ лизинг алушының медициналық техниканы алуы, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарымен алуы.»;  
  «медициналық техниканы» деген сөздерден кейін «немесе кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы қаржылық лизинг шарттарында алу»;
  «осы Ереженің 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәсілді қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
  10-тармақта «бірыңғай дистрибьюторға» деген сөздерден кейін «, лизинг берушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
  11-тармақта «бірыңғай дистрибьютор» деген сөздерден кейін «, лизинг беруші» деген сөздермен толықтырылсын;  
  88-4-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
  88-4-тармақтың үшінші абзацында «медициналық техниканы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ медициналық техниканы қаржылық лизингке алу» деген сөздермен толықтырылсын.
  2. Лизинг алушының денсаулық сақтау ұйымының бейініне, бағытына және қызмет түріне сәйкес келмейтін медициналық техниканың алуын болдырмау мақсатында, денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы алуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануға жауапкершілігін ескере отырып, сондай-ақ техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеу және қаржылық лизинг шартын жасасу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және лизинг берішінің сараптама жүргізу және медициналық техниканы алу кезінде жағдайды теріс пайдалануын болдырмау үшін келесіні ұсынамыз:
  Қолданыстағы Ереженің 88-6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
  «86-6. Денсаулық сақтау ұйымдары медициналық техниканы қаржылық лизинг шартында алу үшін лизинг берушіге клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық өзіндік ерекшелікті, әлеуетті өнім берушінің атауын және басқа да құжаттарды лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізу үшін ұсынады.
  Лизинг беруші техникалық, ұйымдастырушылық сараптаманы және құн сараптамасын, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестікті жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде алуға жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға атауы, құны, саны, мерзімі және жеткізу орны бөлігінде келісуге жолдайды.
  Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген медициналық техниканың тізбесі бойынша лизинг беруші жиырма жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен және медициналық техниканы жеткізушімен осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үшжақты қаржылық лизинг шартын жасасады.
  Қаржылық лизинг шарты жасалғаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына медициналық техниканы ұсынады, осы шартта көрсетілген тәртіппен қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізеді, персоналды оқытады және медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсетеді. Бұл ретте медициналық техникаға кепілдік берілген сервистік қызмет көрсету мерзімі қабылдау-тапсыру актісімен расталатын медициналық техниканы пайдалануға берілген күнінен бастап отыз жеті айдан кем болмауға тиіс.».
  Лизинг берушінің кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық лизингке беру үшін алынатын медициналық техниканың техникалық, ұйымдастырушылық сараптамасын және құн сараптамасын жүргізу тәртібі әзірленсін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілсін.
  3. Ұсынылып отырған қаржылық лизинг бойынша медициналық техниканы алу тетігі, денсаулық сақтау ұйымының бейініне, бағытына және қызмет түріне сәйкес келмейтін медициналық техниканы алу жағдайларын болдырмайтын, қаржылық лизинг қатысушыларының келісілген іс-әрекеттерін көздейтініне байланысты ұсынамыз:
  Қаржылық лизинг қатысушыларының жауапкершілік шарасын көздейтін қаржылық лизингтің үлгі шарты әзірленсін және Ережеге 15-қосымшамен бекітілсін.
  4. Сонымен қатар, өнім берушіні таңдау және медициналық техниканың техникалық өзіндік ерекшеліктерін қарау рәсімінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ құны 50 000 000 (елу миллион) теңгеден жоғары медициналық техниканы алу рәсіміне қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында медициналық техниканы алу бойынша тендерлік комиссия құрамына ерекше пікірін білдіретін қадағалаушы ретінде, сондай-ақ сараптау комиссиясы құрамына сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілін қосуды ұсынамыз.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Полная версия
ИС BestProfi